Жаңалықтар

Заң бұзушылық анықталды

Қарағанды облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен Қарағанды қаласының Б.Момышұлы көшесі, №28 үй тұрғындарының өтініші негізінде, «Панель-Центр №1 (4-5 блок-секциялар) ықшам ауданының тұрғын үйіне құрылысты аяқтау» нысанына бөлінген бюджеттік қаражатты жұмсаудың негізділігі мәселесі бойынша «Қарағанды қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне сәйкестік аудиті жүргізілді.

Аудит қорытындысы бойынша жалпы сомасы 428 368,6 мың теңге, оның ішінде 62 786,8 мың теңге қаржылық бұзушылықтар және 324 542,9 мың теңге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Орындалған жұмыс көлемін бақылап, тексеру және оларды 2016 жылдың желтоқсан айынан бастап 2017 жылдың желтоқсан айына дейінгі кезеңдегі №2 нысан бойынша орындалған жұмыс актілерінде көрсетілген деректермен және «Компания АСК-Құрылыс 1» ЖШС мердігерінің сметалық құжаттамаларымен салыстыру нәтижелері бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарына 62 786,8 мың теңге сомаға негізсіз төлем (құнын көтеру) белгіленді.

«Компания АСК-Құрылыс1» ЖШС мердігерімен жасалған келісім-шарт талаптарын бұза отырып, 14473,7 ш.м. тұрғын үй құрылысын аяқтау бойынша 365 581,8 мың теңге сомаға өз инвестициялары есебінен Тапсырыс беруші алдында міндеттемелер орындалмаған.

Аудит материалдары Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Қарағанды облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Департаментіне жолданды.

«Компания АСК-Құрылыс 1» ЖШС-не қатысты тапсырыс беруші «Қарағанды қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесімен Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына мемлекеттік бюджетке 62786,8 мың теңге көлемінде орындалмаған жұмыстардың сомасын өндіріп алу туралы талап арыз берілді.

2 сәйкестік аудит бөлімі.

Басқа материалдар

Back to top button