Жаңалықтар

Жиын-терім санаулы күнде аяқталады

Аймақта күзгі жиын-терім санаулы күнде аяқталады. Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, қазір дәнді дақылдар мен картоп жинау жұмыстары аяқталған. 919 мың гектар алқаптан орташа түсім гектарына 9,6 центнер. Бүгінде 885,1 мың астық бастырылды. Шаруашылықтардан, 11 507 гектар алқаптан 283,3 мың тонна картоп жиналды. Картоптың түсімі гектарына 246,2 центнер.

«Жалпы, қазір 106,5 мың тонна дәнді дақыл мен 38,4 мың тонна картоп тұқымдары құйылды. Көкөніс алқабының 1 175 гектарынан 37,7 мың тонна өнім жиналды. Ол – 81,8 пайыз. Астық қабылдау кәсіпорындарының материалды-техникалық базалары астық қабылдауға дайын. Облыс бойынша астықтың қажетті көлемін сақтауға арналған қамбалар сыйымдылығы жеткілікті. Барлығы 1050,7 мың тонна. 133,0 мың тонналық 4 лицензияланған астық қабылдау кәсіпорны («Осакаровка Нан» ЖШС – 59,0 мың тонна, «Орталық Қазақстан элеваторы» ЖШС – 32,5 мың тонна, «TST – 2006» ЖШС – 17,5 мың тонна және «Сарыбел НАН» ЖШС – 24,0 мың тонна), 82,6 мың тонналық 3 лицензиясы жоқ, сондай-ақ, шаруашылықтарда жалпы сыйымдылығы 835,1 мың тонналық 544 астық қоймасы бар. Сонымен қоса, облыс аумағында сыйымдылығы 276,6 мың тонналық 133 картоп және көкөніс сақтау қоймалары бар», – дейді ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Сырым Бошпанов.

Ал, егін жинау жұмыстары үшін шаруашылықтарға 20,7 мың тонна арзандатылған дизель литрі 210 теңгеден сатылуда.

Қызғалдақ АЙТЖАН. 

Басқа материалдар

Back to top button