Аймақ

Қарағанды-Сұрыптау станциясы Желілік полиция бөлімінде страйкболдан әскери-патриоттық ойын өтті

Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында страйкболдан әскери-тактикалық ойын ұйымдастырды. Бұл туралы Қарағанды-Сұрыптау станциясы Желілік полиция бөлімінің баспасөз қызметі хабарлады. Әскери-патриоттық ойынның мақсаты – полиция қызметкерлерін отансүйгіштікке тәрбиелеу, Отан алдындағы жауапкершілік сезімін қалыптастыру, Қазақстан халқының ұлттық, әскери және еңбек дәстүрлерін жалғастыру.

«Ойын шарты бойынша қатысушылар топтарға бөлініп, қозғалыста ату шеберлігінен күш сынасты. Әскери-тактикалық ойында көзге түскендер «Сарапшы-тактик», «Үздік атқыш», «Бронь-саут бойынша сарапшы» номинацияларында ЖПБ бастығының Алғыс хатымен марапатталды», – дейді баспасөз қызметі.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button