Облыс әкіміТеміртау

Теміртау қыста қалтырай ма?

Теміртауда № 3 жылу магистралін жөндеу жалғасуда. Биылға міндет – құбыр төсеуді аяқтау. Кесте бойынша ЖЭО-2-де жетінші қазандықтың құрылысы жүріп жатыр.

Теміртауға жұмыс сапары барысында облыс әкімі Жеңіс ҚАСЫМБЕК жылыту маусымына дайындық барысымен танысып, қаланың инфрақұрылымын жөндеу, аулаларды абаттандыру және құрылыс алаңдарын аралады.

Теміртау қаласы
Суреттер облыс әкімдігінің сайтынан

Бүгінгі таңда металлургтер қаласында жылу тапшылығы, шамамен, 250 Гкал құрайды. ЖЭО-2 қуатын арттыру жаңа, жетінші қазандықтың құрылысына мүмкіндік береді.

– Құрылыс жұмыстары 80% орындалды. Сонымен қатар, жабдықты монтаждау жүріп жатыр, ол 15%-ға аяқталды, – деп есеп берді жоба жетекшісі Владимир Ленчак. – Құрылыс алаңында 120 монтажшы жұмыс істейді, 40 адам металл құрылымдарын дайындайды. Барлық жабдықтар бар. Қазандықты келесі жылыту маусымында іске қосуды көздейміз.

Жаңа қазандықтың арқасында станцияның жылу қуаты 80 Гкал-ға артады. Дегенмен, бұл Теміртауға жеткіліксіз. Жеңіс Қасымбек «АМТ» басшылығы алдында № 8 қазандық салу мәселесін көтерді. ЖЭО-2-де бұған арналған алаң бар. «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы осы бағытта жұмыс істейді.

Осы жазда қаланың проблемасы болған № 3 жылу магистраліне күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Жоба екі жылға есептелген. Алты 2,6 км құбыр төселді. Желілерді орнату қыркүйек айында аяқталады деп жоспарлануда.

Жеңіс Қасымбек Теміртау қаласының әкімі Қайрат Бегімовке жылу беру маусымына дайындықты жеделдетуді және жылу көздері мен құбыр тарту жағдайын жеке бақылауда ұстауды тапсырды.

Сондай-ақ, аймақ басшысы Мичурин көшесіндегі суағарды күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Құбырлардың тозуына байланысты тұрғындар бірнеше рет сусыз қалды. Жылына 4-5 апаторын алды. Қазір 2980 метр құбыр төселді. Ұсақ тас төгу басталды. Мердігер қыркүйек айында асфальт төсеуді жоспарлап отыр. Қаланың шығыс бөлігіндегі 500-ден астам көпқабатты үйлерде судың қысымы жақсара түсті.

Теміртау жылыту

Биыл Теміртауда аула аумақтарын абаттандыру бойынша іргелі жұмыстар жүргізілуде. 50-ден астам алаңдар жаңарады. Үнемдеу нәтижесінде қосымша ойын элементтері тағы 10 аулаға орнатылады. Барлық жұмыстар қыркүйек айында аяқталады. Ақтауда төрт алаң орнатылды.

Облыс әкімі № 12 мектепке де барды. 1953 жылғы ғимарат алты жылдан бері апатты жағдайда. Қазір мұнда күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Облыс әкімі Теміртаудың екі кәсіпорнының жұмысымен танысты. «АРЦАХ» компаниясы тротуар плиталарын, бетон және темірбетон бұйымдарын өндірумен айналысады. Биыл мұнда жаңа желі іске қосылды. Компанияда 50 адам жұмыс істейді.

«КазМетКокс» ұйымы «Дирексил» коксын өндірумен айналысады. Кәсіпорынның жобалық қуаты – жылына 70 мың тонна.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button