Жаңалықтар

Президент 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95%-ын жақсартуға тапсырма берді

Еліміздің транзиттік қуатын арттыруға ерекше көңіл бөлінеді.  Қазақстан қазіргі геосаяси жағдайда Азия мен Еуропа арасындағы аса маңызды “құрлық дәлізі” болып отыр. Президент бұл мүмкіндікті толық пайдаланып, әлемдік маңызы бар көлік тасымалы торабына айналуымыз қажет екенін айтты. Қазақстан осы салада ірі жобаларды жүзеге асыра бастады.

“Атап айтқанда, Ақтауда контейнер хабы құрылып жатыр. Каспи дәлізі дамып келеді. Осы жұмыстарға әлемдегі үздік логистика компаниялары тартылады. “Қазақстан темір жол компаниясы” толыққанды транзиттік логистикалық компаниясы болып қайта құрылады.

Автожол құрылысына, соның ішінде жергілікті жолдардың сапасына баса мән беру керек. Бюджеттен қыруар қаржы бөлінсе де, бұл мәселе шешімін таппай отыр. Мен 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95%-ын жақсартуға тапсырма бердім. Үкімет бұл мәселені тікелей бақылауға алсын.

Жол құрылысындағы заңсыздықтарды анықтау қажет. Бұл жұмыстан нақты нәтиже шығару керек”, – деді Қ.Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында. 

Басқа материалдар

Back to top button