Ресми

Жарамсыз грант жаман атқа қалдырды: 137 білім гранты иегерлерінің ҰБТ нәтижесі жойылды

ҰБТ-дағы видеоларды тексергеннен кейін 137 тестіленуші грантынан айырылды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан ЕМЕЛБАЕВ хабарлады.

 

«Қазіргі таңда бейнежазбаларды қайта қарау қорытындысы бойынша 153 тестіленушінің ҰБТ нәтижелері жойылды, олардың 137-сі – білім беру грантының иегерлері. Тиісті шараларды қабылдап, ереже бұзушылардың грант туралы куәліктерін жарамсыз деп таныдық», – дейді Руслан Емелбаев.

Аталған фактілер бойынша Ұлттық тестілеу орталығы қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексерістер жүргізіліп, жұмыстардың одан әрі жалғасуы үшін тиісті мемлекеттік органдарға хаттар жолданып жатыр.

«Биыл 327 түлек тестілеуге кіргізу кезінде тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Ережелерді бұзғаны үшін тестілеу кезінде аудиториядан 322 адам шығарылды» деп қоса кетті ведомство басшысы. Әйтпегенде, жарамсыз грант иеленіп жаман атқа қалғандар саны тіпті артар еді.

Қасымхан ҒАЛЫМ.

Басқа материалдар

Back to top button