Жаңалықтар

Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы анықталды

Британдық боксшы Крис кіші-Юбэнк  (32-2, 23 КО) келесі жекпе-жекте қарсыласы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) болғанын қалайды, деп хабарлады Sports.kz сайты.

Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы анықталды
фото: Ашық дереккөз

Журналистердің бірі Юбэнкке блиц форматында қарсыласын қысқаша сипаттауды ұсынды, ал британдық спортшы Головкинді атады.

“GGG – менің келесі қарсыласым”, – деді ол.

Еске сала кетейік, Геннадий Головкиннің соңғы жекпе-жегі 17 қыркүйекте өткен болатын. Ол мексикалық Сауль “Канело” Альварестен (58-2-2, 39 КО) жеңіліп қалды.

Крис Юбэнк ақпан айында рингке шығып, жерлесі Лиам Уильямсты жеңді (23-4-1, 18 КО).

Басқа материалдар

Back to top button