Жәнібек Әлімханұлы: “Бізде бәрі қазақша”
“Қазақ тілі ауыл арасындағы тіл емес. Міне Лас-Вегаста, 90 млн аудиториясы бар ESPN арнасында қазақша сөйлеп отырмыз! Қазақ тілі мақтаныш, қазақ тілі өнер, қазақ тілі мәдениет!”, – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасына.
Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) WBO нұсқасы бойынша британдық Дензел Бентлимен (17-1-1, 14 КО) жекпе-жекте жеңіске жеткен болатын.
Қазақстандық боксшының Лас-Вегаста қазақша сөйлеген видеосы инстаграм парақшамызда және ютуб каналымыздан көре аласыз.
Гүлнұр СЕРІКЖАНҚЫЗЫ