Қазақстанды әлемге танытқан чемпиондарға өмір бойына ай сайын 300 мың тг төлемақы беріледі

Әлем чемпионаттарында ел қоржынына жүлде салған спортшылар мен бапкерлердің төлемақысы 4 есе өсті. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі хабарлады.

Қазақстандағы олимпиадалық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық ойындардың, сондай-ақ олимпиадалық спорт түрлері бойынша Әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жаттықтырушылары бұған дейін 24 айлық есептік көрсеткіш, яғни 73 512 теңге төлемақы алса, енді 100 АЕК (306 300 теңгеден) алатын болды.

Qazaqstan.tv