Жаңалықтар

Қазақстандық теннисші Түркиядағы турнирдің ширек финалына шықты

Түркияның Анталия қаласында өтіп жатқан ITF W15 турнирінде қазақстандық теннисші Аружан Сағындықова ширек финалға шықты.

Қазақстандық жас теннисші алғашқы айналымда отандасы Жанель Рүстемовамен бақ сынасты. Мұнда Аружан тартысты бәсекеде Жанельден 4:6, 6:3, 6:4 есебімен айласын асырды.

Екінші айналымда Сағындықова румыниялық Мария-Сара Попаны 6:3, 7:5 есебімен сүріндірді.

Аружан Сағындықова жартылай финалға шығу үшін әлемнің 484-інші, осы доданың 2-ракеткасы, түркиялық Илай Йорукпен сайысқа шығады.

Жанель Рүстемова жұптық сында жартылай финалға өтті.

Басқа материалдар

Back to top button