Ақтасқа газ келеді
Аймақтың Ақтас кентінде тозығы жеткен магистральдық су құбырының мәселесі шешіледі. Сондай-ақ, мұнда газ келеді. Көгілдір отынмен қамтамасыз ету үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленді.
Сурет облыс әкімдігінің сайтынанАқтас тұрғындары аймақ басшысы Жеңіс Қасымбекпен өзекті мәселелерді талқылады. Облыс әкімі бір топ белсенділердің шақыруымен кенттің мәселесін сол жерде талқылау үшін келді. Кент әкімі Бауыржан Ақанов абаттандыру жоспары туралы баяндады.
Оның айтуынша, асфальт төсеу, көшелерді жарықтандыру биыл да жалғасады. Олар тоғыз ойын алаңын жабдықтауға, екі аула аумағын жөндеуге уәде беріп отыр.
Жылумен қамтуды жақсарту үшін қазандықты жөндеу қажет. Магистральдық су құбырының тозуы салдарынан апаттар жиі орын алады. Жеңіс Қасымбек биыл жөндеу жұмыстарын бастауды тапсырды.
Жиында газдандырудың келешегі туралы да баяндалды. Қалалардан кейін бірінші газ алатын елді мекен – Ақтас. Сонымен қатар, дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу мүмкіндігі талқыланды.
Тұрғындар қоғамдық көліктегі қиындықтар, жедел жәрдем көліктерінің жоқтығын айтып шағымданды. Әкім бұл мәселені шешуді, атап айтқанда, жаңа автобусты желіге шығаруды және тағы бір жедел жәрдем көлігін бөлуді тапсырды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.