Жаңалықтар

“Ақсораң жұлдыздары” жарқырамақ

«Малыңды жұмсап, балаңа өнер үйрет. Дәулет қолда тұрмайды, ал өнер – мәңгілік. Дүниенің кілті – өнерде» деп еді хакім Абай. Осы қанатты сөзді ту ғып ұстаған Ақтоғай ауданы, Қызыларай ауылының тұрғындары 8 мамырда дәстүрлі «Ақсораң жұлдыздары – 2022» республикалық өнер фестивалін өткізбек.

Байқауға тіркеу сол күні сағат 10.00-17.00 аралығында жүргізеді. Басталуы – сағат 19.00-де.
Аталған фестивалге қатысу үшін орындаушының жас мөлшері 18-25 жас аралығындағы болуы тиіс. Өнерпаздар эстрадалық жанрда өңделген халық әндерінен 1 ән және өз таңдауы бойынша 1 ән орындайды.
Елімізге танымал, кәнігі мамандар қатысушылардың орындаушылық шеберлігіне, сахналық мәдениеті мен киім кию үлгісіне, көрермендермен қарым-қатынас жасау шеберлігіне баса назар аударады.
Айтулы өнер фестивалінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері төмендегіше марапатталады:
Бас жүлде – 1 (біреу) , I орын – 1 (біреу)
II орын – 1 (біреу), III орын – 2 (екеу).
Сонымен қатар, ақын, әнші, сазгер Әсет Найманбайұлы атындағы,
тұңғыш математика ғылымдарының профессоры Әлімхан Ермеков атындағы, ақын Нұржан Шоңұлы атындағы, Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы, қоғам қайраткері Қалкен Мәкенбайұлы атындағы жүлделер өз иесін табады.
Сондай-ақ, осы шарамен бірге 15 жыл үзбей өтіп келе жатқан Серікбай Оразалин атындағы тоспа доп ойыны 8-9 мамыр аралығында өтеді деп жоспарлануда. Командалар бірыңғай спорт киімінде болуы шарт. Жарысқа Ақтоғай ауданының тумалары ғана қатысып, бақ сынай алады.
Командалар тіркелуі сағат 9.00-10.00 аралығында өтсе, мерекелік шерудің салтанатты ашылуы – сағат 10.00-ге жоспарланған.
Байқауда бақ сынау үшін қатысушылар төмендегі телефон нөміріне хабарласып, тіркеле алады.
Қызыларай ауылдық әкімшілігі – 8 710 41 27-6-16, 8 777 399 62 93.
Ұйымдастыру алқасы – 8 705 303 70 96, 8 702 763 42 07.
Келіңіздер, аталған дүбірлі шарадан қапы қалмаңыздар ағайын!

Жәлел ШАЛҚАР.

Басқа материалдар

Back to top button