Мереке күндері ХҚКО (ЦОН) қалай жұмыс істейді?
Конституция күнін мерекелеуге байланысты Қазақстанның ХҚКО мен арнайы ХҚКО-тары 28, 29 және 30 тамызда жұмыс істемейді. Облыс орталықтары мен Республикалық маңызы бар қалалардағы кезекшілік ХҚКО 29 тамызда сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.
“Қазпоштадағы” жоспарлы техникалық жұмыстарға байланысты кезекші ХҚКО-да 29 тамызда кассалар арқылы мемлекеттік баж төлеу қолжетімсіз болады. Мемлекеттік қызметтерді банктік қосымшалар мен QR-кодтың көмегімен төлеуге мүмкіндік бар.
Сонымен қатар, сенбі, 27 тамыз – жұмыс күні, ХҚКО мен арнайы ХҚКО-лар клиенттерді әдеттегі кесте бойынша қабылдайды.
ХҚКО мен арнайы ХҚКО-лар 31 тамызда жұмысын қайта бастайды.
Естеріңізге сала кетейік, ХҚКО-лар әдеттегі режимде дүйсенбіден жұмаға дейін 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.
Кезекші ХҚКО-лар дүйсенбіден жұмаға дейін 9:00-ден 20:00-ге дейін және сенбі күні 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.
Дереккөз: “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы баспасөз қызметі.