23 қазанда Қарағандыда Armanǵa jol жеңілатлетикалық жартылай марафоны өтеді
23 қазанда Қарағандыда Armanǵa jol жеңілатлетикалық жартылай марафонның жалауы желбірейді. Спортсүйер қауым 20 қазанға дейін ресми тіркеліп, қатысуға өтініш беру мүмкіндіктері бар. Балалар мен ересектер арасында ұйымдастырылатын марафонда төрт қашықтық көрсетілген. Жарысқа 3 мыңға жуық адам қатысады деп күтілуде.
18 жастан асқан ерлер мен әйелдер 12 және 14 шақырымға жүгіріп, бақ сынай алады. Ал, балалар үшін меже – 2 шақырым. Сонымен қатар, өтініш білдірген барлық әуесқойлар мен мүмкіндігі шектеулі жандар 7 шақырымды бағындырмақ.
– 12 шақырымдық марафон – ақылы. Қалғандары тегін. Марафоннан түскен қаржыны қайырымдылыққа жұмсаймыз. Сондықтан, қатысушылар қатарын арттыру қажет. Бәріміз қайырымдылық шарасына атсалысайық. Ең бастысы, жарысқа қатысушыларға қажетті жабдықтарды өзіміз береміз. Бәріңізді марафонда күтемін, – деді марафонды ұйымдастырушы Руслан Искаков. Марафонның ашылу салтанаты сағат 11:00-де. Қарағандыдағы Тәуелсіздік алаңынан басталады. Жарыс жүлдегерлері мен жеңімпаздарын бағалы сыйлықтар күтіп тұр.
Ербол ЕРБОЛАТ.