Жаңалықтар

“Ауылдарды көп созбай сумен қамту қажет” – Тоқаев

Қарағанды облысының халқымен кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдің бірқатар маңызды мәселелеріне тоқталды. Атап айтқанда, Балқаш көлінің тартылуына байланысты көлді сақтау және қалпына келтіруге барлық шараларды қабылдау қажет екенін баса айтты. Сондай-ақ, халықты ауыз сумен қамту мәселесі де қалыс қалған жоқ. 

«Облыстағы 176 ауылда таза су жоқ. Биыл 37 елді мекенге таза су беріледі. Басқа ауылдарды көп созбай сумен қамту қажет. Соңғы жылдары Балқаш көлі күрт тартылып барады. Еліміздің орталығын сумен қамтамасыз ететін Сәтбаев каналының техникалық жағдайы мәз емес. Білікті мамандармен бірлесіп, осы екі мәселені мұқият зерттеуді тапсырамын.

Сурет интернеттен алынды

Көлді сақтау және каналды қалпына келтіру үшін барлық шаралар қабылдануы керек. Қазір суды тазартып, тұшытатын заманауи технологиялар баршылық. Қандай шөлді жер болса да, халықты ауызсумен қамтамасыз етуге болады. Әкімдік ірі бизнес өкілдерімен бірге бұл жұмысты мықтап қолға алуы керек», – деді Президент. 

Басқа материалдар

Back to top button