Жаңалықтар

Шеберлік сынар сын сағат

Қарағандыда мүмкіндігі шектеулі жандар арасында V облыстық спартакиада басталды. Бағдарламаның ашылу салтанаты «Шахтер» стадионы, «Жастар» спорт кешенінде өтті.

Аталған сында шағын футболдан, дойбыдан, тоғызқұмалақ, жеңіл атлетика және үстел теннисінен жүлделер қамтылған. Шараның басты мақсаты кемтар жандардың қоғамдағы өз орындарын айқындауға бағдар болу. Спортшыларды Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ербол Әліқұлов, Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Темірхан Абылаев һәм Сурдлимпиада ойындарының жүлдегерлері қарсы алып, алдағы ойынға сәттілік тіледі.

Жансая СӘРСЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Back to top button