Жаңалықтар

Жылу жүйесі – министрлік назарында

Қарағанды облысында ҚР энергетика министрлігінің өкілдері болды. Олар өңірдегі электр станцияларына барып, жылыту маусымына дайындық барысымен танысты. Жұмыс сапары «Kazakhmys Energy» ЖШС Балқаш ЖЭО-ны аралаудан басталды. Нысанда № 5 қазандық агрегатының құрылысы тексерілді. «Бүгінгі таңда қазандық агрегатының металл құрылымдары мен қыздыру беттерін орнату бойынша жұмыстар аяқталды, құбырларды байлау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазандық агрегатты электр станциясының жылу қуатын арттыруға және тұтынушыларды жылумен қамтамасыз ету сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді», – делінген министрліктің хабарламасында.

Сонымен қатар, станцияда № 1 түтін құбырын бөлшектеу жүріп жатыр. Қазірдің өзінде 70% жұмыс жүргізілді. Биылғы жылы №2 түтін құбырын демонтаждау жоспарланған.

Станция басшылығы даму әлеуеті туралы баяндады. Балқаш ЖЭО-да 2024-25 жылдары № 4 қазандық агрегаты мен қуаты 60 МВт турбоагрегат салу жоспарлануда. Сонымен қатар, министрлік делегациясы Топардағы МАЭС-2 және Қарағандыдағы ЖЭО-3-те болды. Топар ГРЭС-інде № 3 турбинаны ауыстыру жұмыстары тексерілді.

«МАЭС-2 дамыту жөніндегі стратегиялық жоспар аясында 2024–2027 жылдар аралығында № 4 және № 7 екі турбинаны ауыстыру жоспарлануда, бұл станцияның қолданыстағы қуатын 60 МВт-қа арттыруға мүмкіндік береді», – делінген хабарламада.

«Караганда Энергоцентр» ЖШС ЖЭО-3-те Министрлік өкілдері негізгі цехтардың жабдықтарын, сондай-ақ, қазандық және турбоагрегаттарды басқару қалқандарын қарап шықты.

Станция басшылығы жаңа № 9 қазандық агрегаты мен № 7 турбоагрегат құрылысының жобасын ұсынды. Оларды іске асыру 2027 жылға дейін жоспарланып отыр. Бұл электр қуатын 120 МВт-қа және жылу қуатын 180 Гкал/сағатқа арттыруға мүмкіндік береді.

Әрбір нысанда энергетика министрлігі өкілдерінің қатысуымен жұмыс кеңестері өтті.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button