Жаңалықтар

Ленин шахтасында апаттан зардап шеккендердің жағдайы туралы дәрігер айтып берді

Ленин шахтасында апаттан зардап шеккен 4 адам профессор Х. Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Екі кенші операцияға дайындалуда, қалғандарының жағдайы тұрақты. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

– Зардап шеккен екі адамның бас миының ашық жарақаты және газбен улануы бар. Екеуі де операцияға дайындалуда. Оны бір сағат ішінде өткізу жоспарлануда. Олар есін біледі, алайда жағдайлары ауыр. Жарақаттың ауырлығын ескере отырып, болжам жасау ерте, – деді Х. Ж. Мақажанов атындағы аурухананың медициналық бөлімі директорының орынбасары Талғат Жүкен.

Зардап шеккен екі адам токсикология бөлімінде. Олар метан мен көміртегі тотығымен ауыр түрде уланған. Жағдайлары тұрақты.

Басқа материалдар

Back to top button