ЖаңалықтарКоронавирус

Қарағандыда карантин ережелерін бұзған нысандар анықталды

Қарағандыда құрамына Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің өкілдері кіретін мобильді топ пен Жедел әрекет ету орталығы бизнес нысандарының карантин ережелерінің сақталуын тексеру бойынша рейдтер өткізуде. 18 шілдеде мобильді топ БАҚ өкілдерімен бірлесіп Ермеков көшесі, 33/1 мекенжайы бойынша орналасқан “Спектр” түнгі клубының жұмыс істеп тұрғанын анықтаған.

Тексеріс кезінде “Спектрдің” арт-алаңында жүзден аса жастар болған. Тәртіп сақшылары мен БАҚ өкілдерін көре сала, олардың басым бөлігі клубтан кете бастаған.

Алайда көңіл көтерушілер арасында полицияға бағынбай, БАҚ қызметкерлерінің жұмысына кедергі жасағандар да болды.

Осылайша, ішімдік ішкен клуб қонақтарының бірі LIFE09 интернет-порталының операторының бейнекамерасын жұдырықпен ұрып, сындырды. Ереже бұзғандардың барлығы – шамамен 20 адам – Михайлов полиция бөліміне жеткізілді.

Сондай-ақ, рейд барысында Бұқар-жырау, 28 мекенжайы бойынша орналасқан “То место” кальян клубы карантинге қарамастан жұмыс істеп тұрғаны анықталды.

Карантин талаптарын орындамаған көңіл көтеру орындарының басшыларына 640 мың теңге көлемінде (230 АЕК) айыппұл салынуы мүмкін.

Жалпы есептегенде 5-ші шілдеден бастап Қарағандыда карантин талаптарын орындамаған 71 кәсіпорын әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Басқа материалдар

Back to top button