«QazInnovations» Қарағандыда бизнес-инкубациялау бағдарламасына өтінімдерді қабылдау басталғанын хабарлайды

QAZINNOVATIONS ҚАРАҒАНДЫДА СТАРТАПТАРДЫ ЕРТЕ КЕЗДЕН ҚОЛДАУ БАҒДАРЛАМАСЫ БАСТАЛҒАНЫН ХАБАРЛАЙДЫ

«QazInnovations» ұлттық инновациялық даму агенттігі Қарағанды ​​қаласының тұрғындары мен қонақтарына бизнес-инкубациялау бағдарламасына өтінімдерді қабылдау басталғанын хабарлайды.

Бағдарламаның мақсаты – «идея/прототип» кезеңіндегі кәсіпкерлерге өздерінің технологиялық бизнесін ашуға көмектесу.

Бағдарламаға Қарағанды ​​қаласының 18 жастан асқан тұрғындары мен қонақтары қатыса алады.

Бағдарламаға қатысушыларға мынадай қолдау көрсетіледі:

— бизнес негіздері бойынша практикалық тренингтер

— жеке ментормен жұмыс

— пікірлестер қауымы

Бағдарламаның соңында қатысушыларға мынадай мүмкіндіктер беріледі:

— бизнес-идеяның өміршеңдігін тексеру

— алғашқы сатылымдарды жасау

— мамандардан кеңес алу

— инвесторға презентация дайындау

Бағдарламада үздік нәтиже көрсеткен қатысушыларға қазылық жасайтын сарапшылар алқасының бағалауы бойынша 300 000, 200 000 және 100 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықтар беріледі.

Бағдарламаға қатысу тегін.

Бағдарлама мерзімі: 18 қараша – 1 желтоқсан.

Өтініштер 16 қараша 23.59 дейін қабылданады.

Қатысу үшін inc-qazinn.kz/krg веб-сайтында өтініш беру керек