Жаңалықтар

Елдос Сметов әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Ташкентте дзюдодан әлем чемпионаты басталды. Қазақстан құрамасының көшбасшысы Елдос Сметов турнирді сәтті бастады. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады. 

Елдос Сметов 60 келіге дейінгі салмақтағы бірінші белдесуде әлем чемпионатының қола жүлдегері әзербайжандық Карамат Гусейновтен басым түсті.

Дәл осы категорияда қазақстандық Мағжан Шамшадин стартта итальяндық Анджело Пантаноға есе жіберді.

Басқа материалдар

Back to top button