Жаңалықтар
«Сарыарқа» қамшы салдырмады
Қарағандылық «Сарыарқа» хоккей клубы ел чемпионаты аясындағы кезекті кездесуінде ташкенттік «Хумо» клубын қабылдап, 3:1 есебімен ұтты.

Кездесудің 2-ші минутында қонақтар есепте алға шықты. Гол авторы – Владимир Журавлев. Алайда, алаң иелері 18-ші минутта жауап қайтарды. Кирилл Беляевтің берген пасын қақпаға дәл көздеген – Арсений Борисов есеп теңестірді. 27-ші минутта жерлестеріміз қарсыластарының қақпасынан саңылау тауып, есепті 2:1-ге жеткізді. 53-ші минутта қарағандылықтар есепті еселеді. Эдгарс Сиксинаның берген пасын Александр Борисевич голға айналдырып, командасын жеңіске жеткізді. Нәтижесінде қарағандылықтар 24 ұпаймен турнир кестесінде көш бастап тұр.
Ербол ЕРБОЛАТ.