Жаңалықтар

Брекешев мемлекеттік ұйымдарды балық сатып алуға міндеттемек

Бұл жайында Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты, деп жазды Egemen.kz

«Қазақстан жан басына шаққанда, балықты аз тұтынатын ел екенін атап өткен жөн. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бір адамға жылына кемінде 16 келі балық өнімдерін тұтынуды ұсынады. Қазақстанда бұл көрсеткіш 4 келіден аз», – деді министр.

Экономикалық зерттеулер институтының дерегіне сүйенсек, көрші Ресейде бір жылда бір адам 23 келі, ал Қытайда 43 келі балық өнімдерін тұтынады. Министрдің айтуынша, балық экспорттауға болатын ең ірі нарық Қазақстанға жақын орналасқан.

Сондай-ақ ведомство басшысы 2025 жылдан бастап балық өнімдерін өткізуде қиындықтар болуы мүмкін екенін де айтты.

«Балық өнімдерін өткізу мәселесін заңнамалық деңгейде шешу үшін білім, денсаулық жүйесіндегі мемлекеттік ұйымдарында, ішкі істер, қарулы күштер, қылмыстық-атқару жүйесі органдарында балықты тамақтану рационына енгізуді және отандық өндірушілерден балық өнімдерінің кепілдік берілген көлемін басым тәртіппен сатып алуды міндеттеу ұсынылады», – деді Серікқали Брекешев.

Басқа материалдар

Back to top button