Жаңалықтар

Қазақстандық қыз Сеулдегі Хэллоуинде қаза тапты

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Сеул қаласының жедел штабы мен полициясының мәліметінше, Итэвон ауданындағы қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандардың арасында Қазақстан Республикасының азаматшасы, 1996 жылы дүниеге келген Ақтөбе облысының тумасы табылды.

Ол Корея Республикасының жоғары оқу орнының студенті болған. 

Қазақстандық дипломаттар қаза тапқан азаматтың туыстарымен байланыста, құжаттарды ресімдеуге және мәйітті Қазақстанға одан әрі жеткізуге барлық қажетті көмек көрсетуде.

Соңғы мәлімет бойынша 151 адам қайтыс болды. Олардың 19-ы шетелдіктер. Арасында – Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Австралия, Норвегия, Шри-Ланка, Иран және Қытай азаматтары бар.

Еске сала кетсек, Оңтүстік Кореяда Ұлттық аза тұту күні жарияланды.

Басқа материалдар

Back to top button