Жаңалықтар

Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы белгілі болды

Орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы Дүниежүзілік бокс ұйымы рейтингінің көшбасшысы мексикалық Хаме Мунгия болуы мүмкін. Бұл ұсынысты боксшының өзі Twitter парақшасында жазды. 

Жәнібек ӘЛІМХАНҰЛЫ

13 қараша күні Лас-Вегаста өткен жекпе-жекте Жәнібек Әлімханұлы британдық Дензел Бентлиді жеңіп, чемпиондық атағын қорғап қалды. Егер WBO Әлімханұлы жеңіске жетсе, Мунгиямен жекпе-жек өткізеді деген шешімге келген.

«Мунгия менімен күресуге келіседі деген үміттемін», деп жазды қазақстандық боксшы Twitter парақшасында.

Ал Хамес Мунгия 19 қарашада Әлімханұлынан екінші раундта нокаутпен жеңілген аргентиналық Гонсало Кориямен жекпе-жекпе шығады. 

Гүлнұр СЕРІКЖАНҚЫЗЫ

Басқа материалдар

Back to top button