Жаңалықтар
Тұрмысы төмен отбасылардың балаларына беделді мектептерде оқу үшін квота бөлінеді
Тұрмысы төмен отбасылардың балаларына мамандандырылған мектептерде оқу үшін квота бөлінеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Ortalyq.kz тілшісі.
“Мемлекет басшысы әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларды қолдау және білім берудің инклюзивтілігін дамыту жөнінде тапсырма берді. Осы тапсырма аясында тиісті бұйрыққа қол қойдым. Бұл құжат әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға мамандандырылған мектептерге түсу үшін 15 пайыз квота алуға мүмкіндік береді. Яғни, осындай отбасылардан шыққан 1500-ға дейін бала жаңа квота бойынша «БИЛ», «Дарын» және т.б. мектептерге оқуға түсе алады”, – деп жазды министр.
Ведомство басшысының айтуынша, жаңа бұйрықтың арқасында әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балалар мамандандырылған мектептерде оқып жатыр.
“Біз жас дарындарға да, өзін әлі көрсете алмағандарға да тең жағдай жасауымыз керек. Ал ұстаздарымыз озат балаларға да, оқуда үлгерімі нашар болса да, қолдау мен жылы сөзге мұқтаж балаларға да мейіріммен қарайды деп үміттенемін”, – деп толықтырды Асхат Аймағамбетов.