Жаңалықтар

Қазақстандықтардың төлқұжаты цифрлық форматқа ауысты

Қазақстандықтар үшін цифрлы төлқұжат eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді болды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты.

Министр атап өткендей, әзірге цифрлық паспортты жеке куәлікке ұқсастығы бойынша жеке басын сәйкестендіру үшін Қазақстанда ғана пайдалануға болады.

Ведомство басшысының айтуынша, мұндай қажеттілік куәліктің жоғалуы немесе оның жарамдылық мерзімі аяқталған жағдайда туындауы мүмкін.

Айта кетейік, Қазақстанда 18 құжат сандық форматқа ауыстырылды. Бұл – жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, ПТР-сынамалар, туу және неке туралы куәліктер және т.б.

Қарағанды облысының маңызды және өзекті жаңалықтарын «Орталық Қазақстан» газетінің телеграмм каналынан оқыңыз (сілтемені басыңыз)

Басқа материалдар

Back to top button