КездесуҚарағанды

Мадияр ҚОЖАХМЕТ: “2023 жылдың қаңтарынан бастап ҮЕҰ-ға негізделген гранттар тәжірибеге енгізіледі”

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр ҚОЖАХМЕТ Қарағанды облысының үкіметтік емес ұйымдарының өкілдерімен кездесті. Кездесуде төраға азаматтық қоғам институттарын дамыту бойынша жұмыстар, жаңа жобалар және ведомствоның негізгі міндеттері туралы айтып өтті.

Қазір қоғамдық бірлестіктер, қорлар, жеке меншік, қоғамдық және басқа да мекемелер саласындағы негізгі тәсілдер бойынша түсіндіру кездесулері өтіп жатыр. Біздің елімізде 22000 үкіметтік емес ұйым бар. Олардың 1500-і Әділет министрлігінің мәліметтері бойынша белсенді емес, қалғандарын жұмыс ұйымдары деп атауға болады. Олардың жұмысын одан әрі жақсарту үшін ҮЕҰ-ның өзара және мемлекет арасындағы өзара іс-қимылын жақсартуға тырысамыз. Өткен жылдың өзінде ғана біз ҮЕҰ қызметіне және Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарға бірнеше маңызды түзетулер енгіздік. 4 шілдеде Мемлекет басшысы «Қайырымдылық туралы» Заңға, «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, гранттар және сыйақылар туралы» Заңға түзетулерге қол қойды. Енді, жаңа заң бойынша грант тетіктері ұлғаяды, – дейді Мадияр Дүйсенбайұлы.

Төрағаның айтуынша, биыл 2,2 млрд. теңге сомасына 100-ге жуық жоба жүзеге асырылуда. Олардың арасында шағын да, ірі де гранттар бар. Келесі жылдың қаңтарынан бастап ҮЕҰ-ға негізделген гранттар тәжірибеге енгізілетін болады.

– Қазір біз лимиттің үш түрін енгізудеміз, бұл бір реттік жобаларға арналған шағын гранттар. Оларға 3 млн. теңгеден астам қаражат есептелген. Бір жылға дейінгі кезеңде жүзеге асырылатын орта мерзімді гранттар – шамамен 30 млн. теңге, сондай-ақ, 30 млн. теңгеден асатын гранттар, – дейді Мадияр Қожахмет.

Сонымен қатар, жиында облыстағы қоғамдық ұйым өкілдері спикерге өз ұсыныстарын ашық білдіріп, толғандырып жүрген мәселелерін ортаға салды. Олар көбіне гранттарды аймақтарда қолжетімді етуге қатысты мәселеде ортақ шешімге келді. Атап айтсақ, ұйымның орналасқан жері мен грантты жеңіп алғандар екі аймақта болғандықтан, жұмыс істеу қиындық тудырады. Мәселен, Оңтүстік Қазақстан облысы гранттарының басым бөлігін Қарағанды облысының ұйымдары жеңіп алады.

«Қарағанды облысының Азаматтық Альянсы» Қауымдастығының президенті Дмитрий Полтаренко заңды тұлғаны тіркеу пунктін біліктілік талаптарына енгізуді ұсынды.
– Мысалы, егер мен Қарағанды облысында тіркеліп, осы аймақтан қатыссам, маған 5 балл беріледі. Егер мен Қарағанды облысынан бола тұрып, Оңтүстік өңірден грантқа түссем, менде 0 балл. Ал, жергілікті ұйымдарда 5 балл болады. Бұл жергілікті ұйымдарға республика бойынша өз нарығына шығуға мүмкіндік туғызады, – дейді Дмитрий.

Мадияр Қожахмет бір жыл ішінде еліміз бойынша 172 жобаны жеңіп алған «Жастар фракциясы» ұйымына ұқсас жағдай туралы еске салды. Содан кейін ұйым жөн-жосықсыз пайдаланушылар тізіміне кірді. Сондай-ақ, ол бұрын айтқан заңға енгізілген түзетулер көп жағдайда заңсыз үкіметтік емес ұйымдармен мәселені шеше алатынын атап өтті. Енді, мұндай мәселелер үнемі бақылауда екенін жеткізді ведомство басшысы.

Қасымхан ҒАЛЫМ.

Басқа материалдар

Back to top button