Ресми

Қазан айында қазақстандықтар неше күн демалады?

Биылдан бастап Қазақстанда жаңа мереке тойланады. «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, 25 қазанда тойланатын Республика күні – ұлттық мереке болып бекітілді.

Қазан айында қазақстандықтар неше күн демалады?

25 қазан сейсенбіге келеді. Жұмыс уақытын ұтымды пайдалану үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі демалыс күнін 2022 жылғы 22 қазандағы сенбіден 2022 жылғы 24 қазандағы дүйсенбіге ауыстыру туралы Қаулы дайындады.

Осылайша, Республика күніне бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар 23, 24 және 25 қазанда демалады. Алты күн жұмыс істейтін қазақстандықтар екі күн, 23, 25 қазанда демалады.

Қазан айындағы бес күндік жұмыс аптасында – 20 жұмыс күні және 11 демалыс күні, алты күндік жұмыс аптасында – 25 жұмыс күні және 6 демалыс күні.

22 қыркүйекте ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында депутаттар 25 қазан – Республика күнін мемлекеттік мерекелер қатарына қайтаруды көздейтін кинематография, мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша түзетулер қабылдады.

16 маусымда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды. Бұл туралы ол ұлттық құрылтайдың бірінші отырысында айтты.

Басқа материалдар

Back to top button