Президент сайлауы - 2022Ресми

Болашақ үшін маңызды

Кезектен тыс Президент сайлауы еліміздегі қоғамдық-саяси үрдістер мен геосаяси ахуалға әсер ететіні сөзсіз. Бұл науқанның саяси ауқымы, елдік мұраты барынша кең. Себебі, халық қашанда әділ сайлау мен әділетті сенімге иек артқан.

Уақыт талабына сай тарихи-демократиялық дамудың жаңа сапары басталды. Осынау саяси жаңғырудың мән-мақсатын, идеялық ұстанымын, жалпыұлттық тұжырымын кең көлемде қолдай отырып, ел дамуының елеулі кезеңі, тағдыршешті жолы ақыл мен пайымға, саяси сауаттылық пен сарабдал ойға, азаматтық көзқарасқа жүгінетініне сенеді.

Осындай аса маңызды сәттерде халық ел басқаратын азаматтарға иек артып, береке-бірлікті ту етіп, ынтымақтың ырысқа бастайтынын терең түсінген. Осы тұрғыдан келгенде, ал дымызда тұрған президенттік сайлау елдің рухани-саяси есеюінің, азаматтық тұрғыдан, мемлекеттік пейілден ұлттық ұжымдасуға дайын екендігін көрсетеді. Ел назары президенттікке лайықты Қазақстан азаматына ауады, қоғамдық ойдың қозғаушы күші халықтың бір мақсатқа ұмтылған мұратын айқындап береді.

Еліміздің басты құндылығы адам және оның өмірі, азаматтардың өзін қауіпсіз сезінуі десек, сайлаудың маңыздылығы, тіпті, арта түседі. Сайлауға қатысу – болашағыңды таңдау. Саяси науқанда белсенділік таныту – еліңнің ертеңі үшін бейжай қарамау, шын патриот ретінде үн қату. Осы жылы бастау алған игі бастамаларды өз басым қоғамның бір мүшесі ретінде қолдаймын. Бұл болашағымыз үшін қолға алынып жатқан ауқымды, ұзақ мерзімді жобалар. Сондай-ақ, өзгерістерді біз өзімізден бастауымыз керек. Жаңару – әуелі әр адамның жеке басынан басталады. Солай ғана күллі қоғам өзгереді. Демек, Қазақстанның жаңаруына әр азамат жауапты. Сондықтан, біз қоғамдағы әрбір саяси науқаннан, қоғамдық бастамадан тысқары қалмауымыз керек.

Ұлттық руханияттың кеңістігінде жүрген әрбір зиялы қауым өкілі осы мұрат жолында елдің бірлігі мен тұтастығына жауап береді деген пікірдемін. Кезектен тыс президент сайлауы Қазақстанның жаңа жолын, келер күндерін нұрлы белеске алып шығады деген ойдамын.

Тарихи сәтті, таңдаулы кезеңді үлкен үмітпен күтіп, осы жолда азаматтық дауысымды ашық білдіремін. Бұл сайлау әрбір қазақстандыққа үлкен жауапкершілік, азаматтық борыш жүктейді. Мемлекет дамуында мемлекеттік қызмет жүйесінде ұзақ жылдардан бері келе жатқанда байқалған бір ақиқат – президент сайлауы елдің болашағы. Ел болашағы тұлғаның қолында, тұлғаның болашағы – елдің жолында!

Раушан ЖЫЛТЫБАЕВА,

ҚР Мәдениет қайраткері

Басқа материалдар

Back to top button