Әскери борышын өтегендер ҰТБ тапсырмай-ақ ЖОО-на грантқа түсе алады

Отан алдындағы әскери борышын өтегендерге 3 000 грант бөлінген және 44 жоғарғы оқу орнымен меморандумға қол қойылған. Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмадиев айтқан болатын. Демек, бір жылда әскерге барғандардың 10%-ы грант ала алады. Оқу грантын беруде жеке қасиеттеріне, үлгілі тәртібіне және мерзімді әскери қызметін өтеу кезеңінде жауынгерлік даярлықта қол жеткізген жоғары нәтижелеріне қарайды, деп хабарлайды Ortalyq.kz тілшісі. 

“Демек, бір жыл әскерде қызмет өткергендер осы жоғары оқу орындарына ҰБТ-сыз түсе алады. Сондай-ақ әскерде жақсы нәтиже көрсеткендер ЖОО есебінен тегін жоғары білім алу мүмкіндігіне ие болады”, – деді Ахмадиев.

Оқу грантын беруде жеке қасиеттеріне, үлгілі тәртібіне және мерзімді әскери қызметін өтеу кезеңінде жауынгерлік даярлықта қол жеткізген жоғары нәтижелеріне қарайды. Жобаны іске асыру білім беру саласындағы заңнамаға өзгеріс енгізуді талап етпейді.