Жаңалықтар

Қарағандылықтар – жүлдегер

Дзюдодан Азия чемпионатында қарағандылық спортшылардың қанжығасы құр қайтқан жоқ. Айзат НАУКЕНОВА күміс жүлдегер атанса, Аида ТОЙШЫБЕКОВА қола иеленді. Бұл туралы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Бангкокта өткен кадеттер мен жасөспірімдер арасындағы құрлықтық біріншілікте Қазақстан құрама командасының құрамында Қарағанды облысынан үш спортшы өнер көрсеткен. «40 келі салмақ дәрежесінде Ә.Молдағұлова атындағы мектеп-интернат-колледжінің тәрбиеленушісі Айзат Наукенова екінші орынға ие болды. Дәл осы чемпиондар мектебінің өкілі Аида Тойшыбекова қола медаль жеңіп алды (+78 кг.).

«Жас сұңқар» спорт мектебінің жас дзюдошысы Аяулым Қайрат бесінші орынға қол жеткізді», – делінген баспасөз хабарламасында. Мамыр айында Алматыда кадеттер мен жасөспірімдер арасында дзюдоның Азия Кубогында Аида Тойшыбекова тұғырдың жоғарғы сатысына көтеріліп, Аяулым Қайрат күміс, ал, Айзат Наукенова қола жүлде жеңіп алған болатын.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button