Шет
Ұлттық ойын ұлықталған күн
Көкпардан Шет ауданының әкімі Мұхит Мұхтаровтың ұйымдастыруымен алғаш рет әкім кубогі сарапқа салынды. Республика күні қарсаңында ұйымдастырылған додада қарағандылық «Тұран Ел» командасы жеңіске жетті.
Алғаш рет жалауы желбіреген турнирге төрт команда қатысқан. Аты мен шабандоздың бабы мен бағы сыналатын бәсекеде ешкім осал болған жоқ. Шет ауданының «Бақ» командасы ақтық кезеңде қарағандылықтардан ұтылып, ІІ орынға табан тіреді. Ал, Ақтоғай ауданының намысын қорғап келген «Ақши» командасы жүлделі ІІІ орынды иеленді. Шет ауданының «TAU» командасына да естелік сыйлықтар беріліп, сый-сияпат көрсетілді. Жарысқа қатысушыларға демеушілер тарапынан ақшалай сыйлықтар таратылды.
Ербол ЕРБОЛАТ