Жаңалықтар

Қазақстанда криптокарта іске қосылады

Өнім Intebix биржасымен бірлесіп 2022 жылдың соңында шығарылады.


“Бұл сандық актив, сондықтан тікелей төлеу мүмкін емес”, – деп түсіндірді крипто бастамалар бойынша кеңесші Наталья Роменская.

Ол криптокарта иесі цифрлық валютаны әмиянында сақтайтынын, ал теңгеге айырбастау сатып алу кезінде автоматты түрде жүзеге асырылатынын айтты.

Криптовалютаны қолданар алдында крипто-биржаның сайтында тіркеліп, қаржылық сауаттылық пен инвестициялық тәжірибеге тест тапсыруы керек.

Сондай-ақ, клиент сәйкестендіру процедурасынан өтуі керек. Криптовалюта биржасы қосымша құжаттарды сұрауға құқылы.

Инвестициялау мен сауда-саттықты бастау үшін цифрлық активтерді немесе фиат қорларын биржалық шоттарға аудару керек.

Жобаға қатысатын крипто биржаларының тізімін АХҚО веб-сайтынан табуға болады. Бұл алаяқтардың құрбаны болмау үшін қажет.

atamekenbusiness_qaz

 

Басқа материалдар

Back to top button