Спорт

Жерлестер жүлдемен оралды

Италияның Венеция ривьерасындағы Лидо-ди-Езоло курорттық қаласында кикбоксингтен өткен жастар мен жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатынан жерлестеріміз олжамен оралды. Аптаға созылған байрақты бәсекеде спортшылар қоржынға 5 медаль салды.

 

Додаға 63 елден 735 спортшы қатысқан. Ел атынан шыққан 5 спортшының барлығы жүлде алды. Жастар арасында сынға түскен 4 спортшы қарсыластарынан басым түсті. Қарағандылық Рафаил Иванов турнирдің чемпионы атанса, балқаштық Әділ Мұратов ІІ орын иеленді. Балқаштық Нұрсұлтан Сатиев пен қарағандылық Сергей Каталов турнирдің қола жүлдегері атанды. Ал, жасөспірім қыздар арасындағы ұрыста балқаштық Гаухар Сайлаубек жеңімпаз деп танылды.

Ербол ЕРБОЛАТ. 

Басқа материалдар

Back to top button