Приозерск

Приозерск қаласында жаңа саябақтың құрылысы басталды

Приозерск қаласында болашақ саябаққа арналған алаңды тазарту, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Жақында қылқан жапырақты ағаштарды отырғызу басталады.

Суреттер облыс әкімдігінің сайтынан

Саябақтың кеңістігі бірнеше бөлікке бөлінеді: демалыс аймағы, кәсіпкерлерге арналған аймақ және концерттер өткізуге арналған үлкен сахна. Кіреберіс бөлігі аркамен безендіріліп, ұлы ақын Абай Құнанбаевқа ескерткіш орнатылады. Саябақтың ауданы 2,2 гектарды құрайды. 

– Бүгінгі таңда саябақ аумағын қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Келесі кезеңде ұзындығы 2 мың метрден асатын суару жүйесінің құбырларын төсеу қолға алынады. Сонымен қоса, саябақта қылқан жапырақты және басқа да ағаштарды ішінара отырғызу басталады, – деді қала әкімі Сапар Сатаев. – Саябақ үшін біз қала орталығындағы, Абай көшесіндегі бос жерді таңдадық, сондықтан ол ақынның атын иеленуі тиіс. Бұдан бөлек, болашақта Приозерск қаласындағы стадионды жөндеуді жоспарлап отырмыз.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Басқа материалдар

Back to top button