Жаңалықтар

Балқашта контрафактілік өнім тәркіленді

Балқаш қаласында контрафактілік ішімдік толы 17 мың бөтелке тәркіленді.

Оқиға орнынан 25 жасар күдікті ұсталды. Тексеру барысында оның үйінен кесілген “обрез” мылтық пен аңшы мылтығы табылған. Бұл факт “Заңсыз кәсіпкерлік” ҚР Қылмыстық кодексі 214-бабының белгісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіміне тіркелді.

Сонымен қатар, бұл қылмысқа қатысы бар деген адамдар жеткізуші мен сатушы топ жан-жақты іздестірілуде. Іс-шара қылмыстық топ толық құрықталғанға дейін жалғасады.

Өз тілшімізден. 

Басқа материалдар

Back to top button