Ресми

Кәсіби мереке қарсаңында Қарағанды облысының әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қарағанды облысының әлеуметтік сала қызметкерлеріне ведомстволық наградалар, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Құрмет грамоталары, сондай-ақ Қарағанды облысы әкімінің алғыс хаттары табыс етілді.

Қарағанды облысының әлеуметтік сала қызметкерлеріне марапат берілді

Қазан айының соңғы жексенбісінде еліміздің кәсіби мерекесі қатарындағы әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні атап өтіледі. Мереке қарсаңында әлеуметтік сала қызметкерлеріне марапат табыс етілді.

Облыс әкімдігінде әлеуметтік қызмет ардагерлерін, медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметкерлерін, үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінде, орталықтарда және жұмыспен қамту бөлімдерінде жұмыс істейтіндерді және т. б. марапаттады.

– Сіздер күн сайын қандай үлкен жұмыс істеп жатқандарыңызды бәріміз білеміз. Сіздер көмекке, қорғауға және қолдауға мұқтаж кез келген адамға керемет сүйіспеншілік пен қамқорлық жасайсыздар. Еңбектеріңіздің әрқашан бағалануына тілектеспін! – деп әлеуметтік сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады аймақ басшысының орынбасары Ермек Алпысов.

Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының көші-қон бөлімінің басшысы Анар Бақтыбаеваға “Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі” белгісі табысталды. Жұмыспен қамту саласында ол 15 жылдан астам қызмет атқарады. Қазір қандастармен, шетелдіктермен, босқындармен жұмыс істейді. Оларға мемлекеттік қызмет көрсетеді, мәртебе алуға көмектеседі.

Марапатталғандар арасында Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Айгүл Сейфуллина бар. Ол “Еңбек ардагері” медалімен марапатталды. Әлеуметтік қорғауда жиырма жылдан астам жұмыс істеген. Оның кәсіби жолында әртүрлі жағдайлар болды, бірақ қандай жағдай болмасын, ол әрқашан қиын өмірлік жағдайға тап болған адамға көмек қолын созуға дайын.

– Біз, әлеуметтік қызметкерлер, мемлекет пен еліміздің азаматтары арасындағы делдалмыз. Бізге кім жүгінсе де, әр түрлі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру туралы өзекті ақпаратты әрдайым қолдаймыз, жеткіземіз. Адамдар әлеуметтік қызметтерді пайдалануға құқығы бар екенін білуі керек. Сондай-ақ, біз еңбек нарығында бағдарлануға және белгілі бір бос орынға ие болуға, оқу курстарынан өтуге және өз ісін ашу үшін грантқа үміткер болуға көмектесеміз. Біздің арамызда адамдардың тағдырына бейжай қарайтындар жоқ, – дейді Айгүл Сейфуллина.

Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ақпараты бойынша

Басқа материалдар

Back to top button