Жаңалықтар

“Қазақпын” деген хас батыр (Жерлесіміз Геннадий ГОЛОВКИНГЕ)

Асқақ қып атын Еліңнің,

Жарқырап ерек көріндің.

Әлемге айғақ, бокстан,

Бекіттің орнын төріңнің.

Танытып атын қазақтың,

Жебеңді әркез дәл аттың.

Еліңе сыйлап жеңісті –

Ғаламды түгел қараттың.

«Қазақпын!» деген ұраның,

Еліңе деген жыр-әнің.

Тасытып, тауып келесің,

Бокстың қайнар бұлағын.

Сынаққа талай бас ұрдың,

Көрсетіп ісін асылдың,

«Қазақпын!» дедің қаймықпай,

Бірісің, нағыз батырдың.

Қимылың шашқан от сынды,

Жанарың қызған шоқ сынды.

Сайысқа шыққан жауыңа,

Силай бер шоқпар соққыңды.

Жасыңды айтып булығып,

Көпіре берсін, құбылып.

Қосылған сайын жылдарың,

Ауырлай берсін жұдырық.

Салмақты болып шоқпарың,

Сарқылмай соққы – оқтарың.

Шыққандар жатсын шарпылып,

Сезген соң, сенде от барын.

Байжұма МАҚАШЕВ.

Басқа материалдар

Back to top button