Жаңалықтар

Қор грант сыйламақ

«Қазақстан халқына» қоры «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының білім беру гранттары» қайырымдылық бағдарламасын жүзеге асыру аясында гранттар және стипендиялар беруге конкурс жариялайды.

«Қазақстан халқына» қоры мемлекеттік немесе өзге грант ала алмаған, ауылдық жерлердегі жағдайы төмен отбасылардан шыққан түлектерге, осал топтан шыққан, мүгедектігі бар балаларға жоғары оқу орнына түсу үшін гранттар береді.

«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының гранты мен шәкіртақысына үміткерлер (түлектер) өзі таңдаған жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына 10 және 17 тамыз аралығында өтінім тапсырады.

Бағдарлама 2022-2023 оқу жылында жүзеге асырылады. Комиссия қорытындысы бойынша «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының білім беру гранттары мен шәкіртақысын беру үшін бағдарламаның қатысушылары іріктеуден өтеді. Оның ішінде түлектер ҰБТ тапсырған және ЖЖОКБҰ-ға түсу үшін қажетті балл жинаған болуы тиіс. Сонымен қоса, гранттар ауылдық жерлердегі әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларға, жетім бала санатына жататын және кәмелеттік жасқа дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған тұлғаларға, мүмкіндіктері шектеулі, соның ішінде мүгедектігі бар балаларға беріледі.

Шәкіртақы төленетін грант бағдарламаның аясында шарт жасалған сәттен бастап бакалавриат бағдарламалары бойынша толық оқу кезеңін қамтиды. Оқу құны бойынша шектеме әрбір грант алушы студент үшін 1 млн. теңге мөлшерін құрайды. Егер студенттің жылдық оқуының құны 1 млн. теңгеден артық болса, онда 1 млн. теңгеден асатын айырмашылықты грант алушы студенттің өзі төлеуі тиіс.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button