Жаңалықтар

Рамазан айы 2023 жылдың 23 наурызында басталады

Айлардың сұлтаны Рамазан айы 2023 жылдың 23 наурызында басталады. Бұл – Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы, шариғат және пәтуа бөлімінің бекіткен уақыты.

Рамазан айы 2023 жылдың 23 наурызында басталады

– Рамазан айында адамдар ішіп-жемнен ғана тыйылып қоймай, жақсылық атаулыға бет бұрады. Бар мен жоқтың, береке мен бірліктің қадірін түсініп, судың қасиетін сезеді. Қасиетті айдың нақты қай күні басталуы астрологиялық құбылыстарға – айдың тууына байланысты бір күн шегеріліп немесе алға жылжуы мүмкін. Бұл айда сансыз сезімдер мен ізгі ойлар салтанат құрады, – дейді Құнанбай қажы мешітінің имамы Митератбек Құбылайханов. Басқа айлармен салыстырғанда сансыз сауап еселеп жазылатын айда оразаның негізгі шарттары дұрыс орындалғаны маңызды. Сонымен бірге, діни күндер мен мерекелер де бекітілді. Қасиетті қадір түні 17 сәуірден 18 сәуірге қараған түнге, Ораза айт 21 сәуірге, Құрбан айт 28 маусымға сәйкес келсе. Мәуліт мерекесі қыркүйек айына тұспа-тұс келіп отыр.

Сағыныш ӘБІЛ.

Басқа материалдар

Back to top button