Балқаш

22 жастағы балқаштық жас кәсіпкер мемлекет қолдауының арқасында өз кәсібін ашты

Балқаштық жас кәсіпкер Балабек Қобжанов облыс және қала әкімінің грантын ұтып, өз кәсібін бастады. Бір жыл ішінде ол тұрақты клиенттерін жинады. Қазір ол кәсібін одан әрі дамыту үшін еңбектенуде, деп хабарлайды Ortalyq.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

22 жастағы Балабек мамандығы бойынша хореограф, бірақ өзін мүлдем басқа салада байқап көру туралы шешім қабылдаған. Ол “Бастау Бизнес” бағдарламасы бойынша оқудан өткен.

– Менің қызметім – жартылай фабрикаттар өндірісі. Мен өз ісімді өткен жылдың тамыз айында бастадым. Балқаш қаласы әкімінің 500 мың теңге грантын, ал біраз уақыттан кейін Қарағанды облысы әкімінің миллион теңгеге грантын алдым. Осы қаражатқа қажетті жабдықтар сатып алдым: тұшпара аппараты, мұздатқыштар, тоңазытқыштар, үй-жайды жалға алдым. Жұмыспен қамту орталығынан жіберілген бір адамды жұмысқа алдым, – деді жас кәсіпкер.

“Неліктен жартылай фабрикаттар?” деген сұраққа ол қазір адамдардың көбіне қолы бос болмайтынын және тамақ дайындауға уақыттары жетіспейтінін айтып, сол себепті оның өнімдері әрдайым сұранысқа ие болатынын айтады.

– Біздің қалада тұрғындардың басым бөлігі өндірісте жұмыс істейді. Олардың, менің ойымша, толық түскі немесе кешкі ас дайындауға әрқашан уақыты жете бермейді. Бізде бәрі табиғи, етті де өзіміз тартамыз. Бізде әрқашан тұшпара, фрикаделькалар, манты, голубцы, котлеттер, қамыр, лағман қамыры және т.б. бар. Менің ата-анам үнемі ыстық тамақпен айналысатын, – дейді Балабек.

Бәсекелестер көп, бірақ өнімге сұраныс бар және ол өсуде. Кәсіпкердің бизнесті кеңейту және тағы бірнеше адамды жұмыспен қамтамасыз ету жоспарында бар.

– Балқаш бойынша мен өз өнімдерімді 14 дүкенге ұсынамын. Үйге тапсырыс бар. Айына орта есеппен 100–150 кг тұшпара сатамыз. Биыл бизнесті кеңейткім келеді. Тағы да жабдықтар сатып алу ойымда бар. Өнімге сұраныс та бар. Біз өзімізді таныттық, – деп атап өтті кәсіпкер. – Сондай-ақ, кем дегенде тағы үш адамды жұмысқа алғым келеді. Болашақта облыс нарығына да шықсам деймін. Біз сондай-ақ қайырымдылықпен айналысамыз. Кәсібін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерді қолдайтын мемлекеттік бағдарламаларға көңілім толады, – деді ол.

Басқа материалдар

Back to top button