Жаңалықтар

Астанадағы жаңа мешіт қала ескерткіштерінің қатарына қосылмақ

ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ашқан мешіт Астана ескерткіштерінің қатарына қосылмақ,  деп хабарлады Stan.kz 

Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт саналатын Алла үйі 12 тамызда ресми ашылған еді. 

“Реттік нөмірі 43, 44, 45 болатын келесі мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: Тәуелсіздік сарайы, 2008 жыл; Бейбітшілік және келісім сарайы, 2006 жыл; Қазақстан Республикасының бас мешіті, 2022 жыл”, – делінген Астана әкімдігі қаулысының жобасында.

Еске сала кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев мешіттің ашылу салтанатында ғимарат құрылысын өзі бастағанын айтты.  

“Осындай қасиетті жұма күні елордамыздан мешіт ашып жатырмыз. Бұл – тек елордалықтар үшін ғана емес, барша мұсылман үшін маңызды оқиға. Мен осы мешіттің құрылысын бастағаным үшін құдайға шексіз разымын”, – деген еді Нұрсұлтан Назарбаев.

Басқа материалдар

Back to top button