Жаңалықтар

Сәтпаев қаласында жол апатынан көлікпен бірге адам жанып кетті

Көліктің өртеніп жатқан видеосы әлеуметтік желіге тарап кетті. Қайғылы оқиға Сәтпаев қаласында болған. Қаладан Жезқазғанға шыға берер жолда Mercedes көлігінің 58 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай, қаланың атауы жазылған бағанға соғылған. Оқиға салдарынан көлікпен қоса жүргізуші өртеніп кетті. 

Сәтпаев қаласында жол апатынан көлікпен бірге адам жанып кетті

«25 қазан күні Жезқазған – Есіл – Петропавл трассасында, Сәтпаев қаласынан Жезқазғанға шыға берер жолда Mercedes көлігінің 58 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай, қаланың атауы жазылған бағанға соғылған. Оқиға салдарынан көлік өртеніп, жүргізуші оқиға орнында мерт болды», – деп хабарлады Ұлытау облыстың Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған факт полицияда тіркеліп,  тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүмыстары жалғасып жатыр.

Видеоны көру үшін сілтемені басыңыз.

Басқа материалдар

Back to top button