Жаңалықтар

«Атадан мал қалғанша, тал қалсын»

Мереке қарсаңында облыстық соттың судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары және сот ардагерлері сот ғимаратының айналасына бірнеше қатар қарағай көшеттерін отырғызып, абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Игі бастамаға мұрындық болған – сот саласының ардагерлері.

– Орман Андаров, Жұматай Жақыпов сынды ардагерлеріміздің бастама көтеруімен әріптестеріміздің басын қосып, артымызда із қалдырайық деген мақсатпен осындай іс-шара өткізудеміз. Бұл өз кезегінде кейінгі буын жастарға да – үлгі, – деді облыстық соттың төрағасы Ерден Әріпов.

Сот төрағасы өз кезегінде жиналғандарға денсаулық тілеп, еңбектерінде табысты болуларына ниеттес екенін жеткізді.

Ал, ардагерлер – Орман Қабыкенұлы мен Жұматай Қадетұлы болса кейінгі буынға жұмыстарында абыройлы болуға, ар ісінде әділетті болуды тіледі.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button