Қазақстанда TikTok өкілдігі ашылады

Қазақстанда жуық арада TikTok платформасының өкілдігі ашылады. Global Business Solutions (TikTok, Шығыс Еуропа) директоры Анастасия Панина Astana Media Week пленарлық сессиясында осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Ortalyq.kz 

Спикердің айтуынша, TikTok кеңсесі Астана мен Алматыда орналасады.

«Қазіргі таңда көптеген жаңа контент пайда болуда. Себебі Қазақстандағы аудитория шығармашыл, өз үнін тыңдармандарға жеткізу үшін платформаны пайдаланады. Платформа ретінде қауымдастығымызға жақынырақ болғымыз келеді. Сол себепті осы күзде Қазақстаннан өкілдігімізді ашамыз, – деді Анастасия Панина.