Жаңалықтар

Қор ЖОО тізімін жариялады

«Қазақстан халқына» қайырымдылық қоры білім гранттары» бағдарламасына қатысатын жоғарғы оқу орындары мен қайырымдылық ұйымдарының тізімін жариялады. Тізімде еліміздегі 75 білім беру ұйымы мен білім беру саласындағы 2 қайырымдылық ұйымы бар.

Еске сала кетейік, жоғары білім беру ұйымдары өткізетін конкурстардың қорытындылары бойынша білім гранттары мен шәкіртақыларды беру үшін бағдарлама қатысушылары мынадай критерий бойынша іріктеуден өтеді: ҰБТ-да жоғары оқу орнына түсу үшін шекті балл жинаған талапкерлерден, ауылдық жерлердегі аз қамтылған отбасылардан шыққан тұлғалар, ата-анасы жоқ және кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүмкіндігі шектеулі, оның ішінде мүгедектігі бар тұлғалар қор қолдауымен оқуға түсе алады.

Жоғарыдағы аталған критерий бойынша бакалавриатта күндізгі бөлімде оқитын студенттер де қайырымдылық ұйымдарына өтініш бере алады.

2022-2023 оқу жылына арналған «Қазақстан халқына» ҚҚ білім гранттары» қайырымдылық бағдарламасына қатысатын 75 жоғары оқу орны мен студенттер өтінім бере алатын қайырымдылық ұйымдардың тізімін қордың ресми сайтынан көруге болады. «Қазақстан халқына» қорының ресми сайты: qazaqstanhalqyna.kz .

Гүлнұр СЕРІКЖАНҚЫЗЫ.

Басқа материалдар

Back to top button