Жаңалықтар

12 инвест-жоба – 2 мың жұмыс орны

Облыста 221 млрд. теңгеден астам сомаға 12 инвестициялық жобаны іске қосу көзделуде. Соның нәтижесінде жұмыспен екі мыңға жуық адам қамтамасыз етіледі. Облыста 48 инвестициялық жобадан тұратын пул құрылды. Олардың барлығы импорт алмастырушы және экспортқа бағдарланған. Жүзеге асыру мерзімі – 2022-2025 жылдар деп жоспарлануда. Осылайша шамамен 11 мың жұмыс орны құрылады.

Биыл 12 жоба іске асырылады. Оның 9-ы өңдеу өнеркәсібінде. «Татнефть» компаниясының қатысуымен KamaTyresKZ шина зауыты іске қосылады деп күтілуде. Балқашта күн электр станциясы жұмысын бастайды. Сонымен қатар, осы жылға жоспарланған ірі жобалар арасында геомембрана және катодтық мыс өндіретін зауытын да атауға болады.

Өткен 6 айдың қорытындысында облыстың өнеркәсіптік өндірістерінде өсім бар. Өндірілген өнім көлемі 5%-ға артқан. Өңдеу өнеркәсібінде де оң динамика.

– Өсім өнеркәсіптің барлық негізгі саласында байқалады. Резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісінде – 74,6%-ға, машина жасауда – 20,7%-ға, түсті металлургияда – 18,3%-ға, жеңіл өнеркәсіпте – 13,2%-ға, қара металлургияда – 7,1%-ға, құрылыс индустриясында – 5,2%-ға, химия өнеркәсібінде – 4,5%-ға, тамақ өнімдері өндірісінде – 1,2%-ға өсті.

«АрселорМиттал Теміртау» және «Қазақмыс» корпорациясы тұрақты жұмыс істейді, – деп атап өтті облыстың өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Мұрат Қыдырғанбеков.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button