Ресми

Бастамаларға қолдау білдіреміз

Елімізде Жаңа Қазақстан құру жолында саяси жаңғыру процестерінің жүргізіліп жатқаны баршамызға белгілі. 1 қыркүйекте жарияланған Президент Жолдауында да еліміздегі әлеуметтік экономикалық өзгерістермен қатар саяси реформалардың да жүргізу бағыты нақтыланды. Жолдауда Мемлекет басшысы қайта сайлану құқығынсыз бірреттік президенттік мерзімді енгізуді ұсынды.

Бірреттік президенттік мерзім туралы бастама суперпрезиденттік модельден кету бойынша оған дейінгі қадамдардың қисынды жалғасы болмақ.

Осы көтерілген бастама бойынша күзде президенттік сайлауды өткізу жоспарланып отыр. Саяси жаңғыру «Күшті Президент – Ықпалды Парламент – Есеп беретін үкімет» қағидасына сәйкес жалғасатын болады.

Президент өкілеттігін қайта сайлану құқығынсыз 7 жылдық бір мерзіммен шектеу – еліміздің демократиялық бағытты берік ұстанғанын көрсетеді.

Қоғамымызда халықты толғандырып отырған мәселелер баршылық.

Алдағы сайлауда біз халық тағдыры мен мемлекеттің болашағы үшін бар күш-жігерін салатын партия ретінде, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауында айтылған барлық бастамалардың іске асуына жан-жақты қолдау білдіреміз.

Бибігүл СЕКЕРБЕКОВА,

«AMANAT» партиясы Балқаш қалалық филиалының атқарушы хатшысы.

Басқа материалдар

Back to top button