Қарағанды облысында катодты мыс шығаратын зауыт іске қосылды
Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы жаңа гидрометаллургия зауыты ашылды. Онда жылына 5 мың тоннаға дейін катодты мыс шығарылатын болады. Кәсіпорында 140 жұмыс орны құрылды.
Зауыт екі жыл бойы салынды.
Борлы кен орнындағы “Irkaz Metal Corporation” ЖШС өз жұмысын бастады.
Катодты мыс SX-EW инновациялық технологиясы (үйінді шаймалау – сұйық экстракция – электролиз) бойынша шығарылады. Бұл гидрометаллургиялық процесс Қазақстанда соңғы он жылда қолданылып келеді. Оның бірнеше маңызды артықшылықтары бар: зауыттар салу үшін үлкен шығындарды қажет етпейді, катодты мыс өндіруде өзіндік құны төмен, кедей кендердің қорларын пайдалануға болады.
Қолданылатын технология металлургиядағы ең экологиялық технологиялардың бірі болып табылады. M00k маркасына сәйкес келетін жоғары тазалық пен сапаға ие өнімдерді шығаруға мүмкіндік береді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.